Архара фигурасы «пуантах», алдыңғы және артқы аяқтары жақын орналасқан, тұяқтары түсірілген. Мойны күшті иілген, жоғарыға созылған, басы тегіс, иілген мүйізі алға бағытталған. Денесінің алдыңғы және артқы шоқтығы айқын көрінеді, құйрығы қысқа. Көз, құлақ, мұрын, тұяқтардың ойықтары тамшы тәрізді, ауыздың ойығы - сопақша пішінде, сегіз көгілдір және көгілдіртүсті тастан жасалған инкрустациямен безендірілген (7 жазық, құлақ ойығында - кабошон тәрізді дөңгеленген инкрустация). Артқы бетінде екі жазық ілмек пайдалаған. Белгі тазартылған, тастардың инкрустациялары қалпына келтірілген.
Мерзімі: VIII-VI ғғ. б.з.д.
Шығу орны: зират, Чиликты 2, қабір. Шығыс Қазақстан
Материал: алтын, бирюза
Техника: құю, соғу, пісіру, инкрустация
Өлшемі: ұзындығы - 4,1 см, ені - 3,97 см, биіктігі - 0,55 см