Конус тәрізді ауа өткізгіш қыш шүмек. Конустың жалпақ бөлігі шағын білікпен жиектелген. Сыртқы бетінің жиегін бойлай үшбұрыш тәрізді басылған өрнекпен безендірілген, ортасына иректерден тұратын аралас өрнек сызып түсірілген. Шүмек құйма өндірісінде пешке ауа жіберу үшін қолданылған. Бестамақ қорымы, жерлеу 22
Мерзімі: б.д.д. XVII-XVI ғғ. (қола дәуірі)
Материалы: саз.
Техникасы: қолмен пішінге келтіру, күйдіру.
Өлшемі: 11,4 см, d1 - 4,6 см, d2 - 2,4 см.