Себет - цилиндр пішінді биік қорап, 1 немесе 2 дана қайың қабығынан (береста) жасалып, бөліктері өзара тығыз біріктірілген немесе жапсырылған, түбі ағаштан, қақпағы бар. Олар сусымалы өнімдерді - ұнды, жарманы, кейде жартылай сұйық заттарды, мысалы балды, сірнені және т.б. сақтауға арналған. Бұл ыдыста қақпақ жоқ, беті өрнектелмеген.
Н.В. Пермeнованың сыйы, Семей қаласы
Материал: қайың қабығы.
Өлшемдері: биіктігі 22 см, диаметрі - 22 см.
Техника: желімдеу.
Сақталуы: қанағаттанарлық