Астау - ет ұсынуға арналған қазақтың дәстүрлі ыдысы. ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейін жасалған. Қазақстанның барлық аймақтарында етке арналған терең, дөңгелек немесе сопақша пішінді ағаш астаулар кең тараған. Бұл ыдыстардың өлшемдері әртүрлі болған, ал әшекейлеу негізінен тұтқаларына зооморфтық өрнектер арқылы жасалған.
Мерзімі: ХІХ ғасырдың аяғы -ХХ ғасырдың басы.
Материал: ағаш.
Техника: ойып жасау,қашау.
Өлшемі: ұзындығы тұтқасымен - 103 см, тұтқасыз - 89 см, ені - 33 см, биіктігі - 13,5 см.