Қоладан жасалған шырағдан. Ортағасыр дәуірінде метал өңдеу шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетеді. Бес пілтелі үстіңгі бөлігі жалпақ табақша тәрізді, ортаңғы бөлігінде дөңгелек шырақ жағуға арналған ойығы бар. Қола шырағданның жоғарғы бөлігі өрнектелген өсімдік тектес немесе геометриялық стильде жасалған оймыштармен әшекейленген. Мұндай бұйымдар көбінесе діни рәсімдерде, ғибадатханаларда немесе бай адамдардың тұрмыстық қолданысында болған. Тараз қаласының көк базары аумағынан кездейсоқ табылған.
Материалы: қола.
Мерзімделуі: ХІ-ХІІ ғғ.
Сақталуы: тотыққан.