Алқа
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл алқа Алматылық коллекционер Б.Әлібаевтардан сатып алынған. Бұл жәдігер ел арасында жиналған жәдігерлердің бірі. Алқаның түсі: сұр, сарғыш, қызғылт, пішіні; мойынға тағылатын бөлігі шынжыр
тәріздес, шынжырға жалғанған төменгі бөлігі төрт бұрышты етіп жасалынған, осы бөліктің астында 7 дөңгелек үзбелер, сырғалар тәрізді қатарымен жалғасқан. Ортадағы төрт бұрышты бөліктің оң бетінде ұлттық ою-өрнектермен көмкеріліп, ортада бір дөңгелек үзбе құйылған.Бұл алқаның теріс бетінде де ұлттық ою-өрнектер безендірілген.
Авторы: белгісіз
Мерзімделуі: ХІХғ.-ХХғ.
Материалы: күміс
Техникасы: қалыпқа құю, соғу, оймалау, бедерлеу және жылтырату, алтын қаптау әдістері қолданылған.
Өлшемі:11 см. х 9,5 см. х 48 см.
Сақталу жағдайы
Кемшіліктері бар, тізбектері үзік.