«Целиноградқа 150 жыл» кеуде белгісі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Целиноградқа 150 жыл» кеуде белгісі. Медаль сары түсті металдан жасалған. Формасы бес бұрышты болып келген. Ортасында жер қопсытатын дөңгелек құрылғының бейнесі бар. Жан жағынан күннің нұры шашырап тұрғандай көрінеді.Ол көгілдір түсті эмальмен боялған және оның үстінде ЦЕЛИНОГРАД деген жазу бар. Ортасында бидайдың масағы бейнеленген. Масақ қара түсті жолақтармен әрленген. Медаль екі жағы қошқар мүйіз оюымен әрленген тағанға шығыршық арқылы жалғанған. Таған ортасында көгілдір жолағы бар қызыл эмальмен боялған. Жолақтың үстінде 150 деген сан және жолақта ЛЕТ деген жазу жазылған. Тағанның артында түйреуіші бар.
Санат:
Фалеристика
Материал:
Металл
Техника:
Құю
Тақырып:
Фалеристика
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ.