Әшекей бұйым
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Табылған орны: АОТӨМ АЭ, Миялы қорғандары, 2017 жыл.
Мерзімі: б.з.д. ІІІ - б.з. ІІ ғасыры Екі шағын цилиндрден құралып, бір-біріне жіңішке сыммен жалғанған әшекей бұйымның ортасына інжу тасы орналастырылған. Цилиндрдің жоғарғы бөлігіне, ортасы қуыс дөңгелектің екі жағынан ғажайып аңның бейнесіндегі фигуралар жапсырылған. Әшекейдің төменгі жағындағы тесігінен үш жерден кішкене жұқа дөңгелек пластиналар шынжырлармен бекітілген. Материалы, сынамасы: 91% алтын Техникасы: құйма, қалыптама
Өлшемі: цилиндрдің ұзындығы 0,6-0,9 см, ғажайып аңның ұзындығы 1,3 см, шынжырдың ұзындығы 0,9 см, дөңгелек кішкене салпыншақтың диаметрі 0,4 см.
Салмағы: 3,54 гр.
Материал:
Алтын
Техника:
Құю
Сақталу жағдайы
Көрінетін зақымдар жоқ