Орден. №38326
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күйші-сазгер, Қазақ КСР-інің халық әртісі Дина Нұрпейісоваға берілген «Еңбек Қызыл Ту» ордені. Жоғарғы бөлігі көгілдір түсті шеттерінде көк жолағы бар жібек қатқыл лентамен шығыршық арқылы орденге жалғасқан. Медальдың жоғарғы бөлігінде эмальмен сырланған қызыл тудың бетінде «СССР» деген жазуы бар. Ортасында орақ пен балға, төменде көк түспен су бейнеленген. Астыңғы жағы айналдыра бидайдың сабақтарымен көмкерілген. Реверске тойтармалар үш жерден орнатылған.
Материал:
Жібек муар лентасы, Металл, Эмаль
Техника:
Қалыптау
Сақталу жағдайы
Көрінетін зақымдалулар жоқ