Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Сүйекпен, жезбен өрнектелген ақбас ер үзеңгісімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Батыс Қазақстан. Мерзімі: ХХ ғ. Ер бірнеше бөлек ағаштардан қиыстырылып, алдыңғы және артқы қасы сүйекпен қапталып жасалған. Сүйектің беті өрнекті жез шытырмен әшекейленіп, шегемен бекітілген және әр түрлі бедерлі өрнектер жүргізілген. Алдыңғы қасы биік, үшкірленіп тік келген. Ердің үсті қара былғарымен қапталып, былғарының беті оюлармен өрнектелген және бүркеншікті металл шегелермен шегеленген. Темір үзеңгісі былғары арқылы темір тоғамен ерге жалғанған.

Материал: Ағаш, Металл, Сүйек
Техника: Аралас техника, Өрнектеу

Сақталу жағдайы

Көлемді зақымдары жоқ

Scroll to Top