Аяқ киім.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дүнген әйелінің ұлттық аяқ киімі-матадан тігіліп, табаны қалың етіп қабатталып дайындалған. Үстіңгі жағы гүлді матамен көмкеріліп, табанымен біріктіріле тігіліп бекітілген. Алдыңғы бөлігіне қызыл жіптен жасалған домалақ гүл тәрізді шашақ тағылған. Үстіңгі жиегіне қара мата жіңішке жолақ түрінде айналдыра жүргізіліп, тігіліп отыр.
Материал:
Мата
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Матасы тозған, сарғайған,жіптері сетінеген