Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жағылан

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

ХІХ ғасырдың аяғы.
Қазақ халқының үй жиһазы -сандықтың бір түрі. Қазақ даласында ХVІІІ-ХІХ ғғ. кең тараған. Киім- кешек басқа да бұйымдарды ішіне салып қоюға арналған. Үлгісі әбдіре тәрізді. Оның негізі жұқа тақтайлардан құрастырылады, сырты түгелдей былғарымен қапталады, бет жағы ғана әр түрлі әдіспен көркемделеді. Көбіне ауқатты отбасларында ұзатылатын қыз жасауына арнайы тапсырыспен жасалатын болған. Тіктөртбұрышты сандықтың топса арқылы негізгі корпусына бекітілген ашпалы қақпағы бар. Ағаш қаңқасының сыртқы беті мал терісімен тұтастай қапталған. Теріге ою-өрнектер бастырылып, металл пластиналар бекітілген. Қақпағына құлып ілуге арналған темір ілгек салынған.
Сүргілеу, тегістеу, илеу, қаптау әдістері арқылы дайындалған.
Өлшемі: 45х25х80 см

Санат: Ағаш
Материал: Дерево, Металл
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Сандық бүтін, негізгі құрылымы бұзылмаған. Сандықтың пішіні жақсы сақталған. Сыртқы бетінде тозу белгілері бар - сызаттар, түсінің өзгеруі және ескіру іздері байқалады. Қақпағы сәл тозған, беткі қабатында сызаттар мен дақтар бар. Металл бөлшектері (құлып, топсалар, сәндік элементтер) тотыққан, кей жерлерінде қарайған.

Scroll to Top