Шамдал табақшасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шамдалға арналған қоладан жасалған табақша. Пішіні дөңгелек, жиегі көтеріңкі, шеті өрнектеліп көмкерілген. Орталық бөлігі тегіс әрі сәл ойыңқы болып келеді. Жиегін бойлай айналдыра жүргізілген бедерлі жолақтар бұйымға сәндік сипат береді. Бұйымның беткі қабатында ұзақ уақыт пайдаланылу мен табиғи тотығу әсерінен пайда болған күңгірт жасыл-сұр және қоңыр түсті тот басқан іздері байқалады. Металл бетінде әртүрлі дәрежедегі мүжілу, коррозия және механикалық тозу белгілері сақталған.
Тұрмыста жарықтандыру құралы үшін қолданған. Шамдалға май құюға немесе оның құрылымдық бөлігі ретінде пайдалануға арналған болуы мүмкін. Шамдал табақшасының сақталуы беткі қабатында табиғи тотығу және тозу іздері бар.
Табылған жері: 1971 жылы Жамбыл қаласы Промышленый көшесінде кездейсоқ табылған.