Әскери құты (қаптамасымен)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат тағамдық алюминийден жасалған, сопақ пішінді әскери фляга болып табылады. Сырты жасыл түсті бояумен қапталған. Тар мойынды бөлігі бұрандалы қақпақпен жабылады, қақпағы металл шынжыр арқылы корпусқа бекітілген. Фляга жасыл түсті матадан тігілген қорғаныш қаптамамен жабдықталған. Қаптаманың сыртқы бетінде қызыл түсті «М-р Конаров С.» деген жазу бар. Жәдігер Кеңес дәуіріндегі әскери қызметкерлердің жеке жарақтандыру құралдарының үлгісі ретінде әскери тұрмыс мәдениеті мен материалдық қамтамасыз ету жүйесін зерттеуде құнды тарихи-этнографиялық дереккөз болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
1980
Материал:
Алюминий, Бояу, Мата, Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
15 × 20 см
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар