Түскиіз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түскиіз - қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі бұйымы. Ол киіз үйде немесе тұрғын үйде, әдетте, кереуеттің бас жағына, төрге ілінетін қабырғалық сәндік бұйым.
Қара, қызыл және қою қызыл түстердің үйлесімінен тұрады. Қара негізге өсімдік тектес өрнектер (гүлдер, жапырақтар, бұтақтар) мен ирек сызықтар орналастырылған. Орталықтағы қызыл мата күрделі кестемен көмкерілген.
Бұйымның жиегі плюш матамен жиектеп безендірілген.
Мерзімделу кезеңі:
1960 ж
Материал:
Жіп, Мата
Техника:
Кестелеу, Тігу
Өлшемі:
2,5х1,5
Санат:
Сәндік-қолданбалы өнер