Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Самаурын

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Самаурын. Су мен отынның көмегімен қайнатуға арналған ыдыс, самаурынның құрылымы құбырдан, мұржадан, су құятын ыдыстан, темірпеш қақпағынан және шүмектен тұрады. Самаурынның төменгі бөлігінде төрт тірек аяқтан тұратын тұғырық орналасқан. Тұғырықтың үстінде оттық бөлігі бар, ол түтік пішінінде. Бұл түтікке отын (ағаш көмір, шымтезек) салынып, жағылатын болады. Оттықтың төменгі бөлігінде үрлегіш орналасып, оттың жануын қамтамасыз етеді. Оттықтың жоғарғы бөлігінде су құятын бөлік орналасқан. Су ыдысының алдыңғы жағында шүмек бар, оның тұтқасы бұралып, ашылып-жабылады. Су ыдысының екі жағында самаурынды көтеріп, тасымалдауға арналған тұтқалар бар. Тұтқалар ою-өрнекпен безендірілген және ұстайтын бөлігі пластмассадан жасалған. Су ыдысының жоғарғы бөлігін жабатын қақпағы бар. Қақпақтың жиектері де иреленген ою-өрнекпен сәнделген. Қақпақтың ортасында бу шығатын саңылау және оны ашып-жабуға арналған қара түсті пластмассадан жасалған тұтқасы бар. Қақпақтың үстінде шайнекті жылы ұстауға арналған тұғырық бар. Самаурынның қақпағында Тула қаласында самаурын өндірісімен айналысқан ағайынды Шемариндар фабрикасының таңбалары қойылған. Самаурын шамасы 1890-1900 жж жасалған.Музейге Бөгенбай батырдың ұрпағы Алихан Барлыбаев тапсырды.

Мерзімделу кезеңі: 1890-1900жж.
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Зауыттық өнім
Санат: Тұрмыстық бұйымдар, Этнография
Scroll to Top