Ақ басқұр
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ақ басқұр - киіз үйдің керегесін бекітуге арналған, ақ түсті өрнекті тоқылған жолақ. Бұйымның негізі ақ матадан жасалып, бетіне қызыл түстің әртүрлі реңктерімен түкті тоқу техникасында өрнектер түсірілген. Негізгі композицияны ішіне «қос мүйіз» және «қошқар мүйіз» өрнектері енгізілген шаршы элементтер құрайды. Өрнектер «тұмарша» тәрізді симметриялы геометриялық өрнектермен жиектелген.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. басы.
Материал:
Жіп, Жүн, Мата
Техника:
Бұрау, Өрмек тоқу
Өлшемі:
36 х 1420 см.