Орден
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Отан соғысы ордені - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік ерлігі үшін Қойгелдинов Алдабергенге табысталған мемлекеттік награда. Орден 925 сынамалы күмістен жасалған, тұтас штамптау әдісімен орындалған. Реверсінің орталық бөлігінде бекітуге арналған бұранда дәнекерленген. Орденнің сыртқы төменгі бөлігінде бедерлі әріптермен жазылған «МОНЕТНЫЙ ДВОР» таңбасы орналасқан. Аверсіндегі сәуле жиектері, жазулары, орақ пен балға бейнелері алтын жалатылған. Реверсі тегіс, күңгірт. Орденнің реттік нөмірі бормашинамен ойылып жазылған және реверсінде бұранданың төменгі жағында орналасқан. Экспонат Ұлы Отан соғысы тарихымен және ардагер Қойгелдинов Алдабергеннің өмір жолымен байланысты. Тарихи-құжаттық, мемориалдық және мәдени құндылыққа ие.