Электр пеші
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Электр пеші - КСРО кезеңінде нан өнімдерін пісіруге, ет, балық және құс тағамдарын қуыруға арналған тұрмыстық электр құрылғысы. Бұйым тік төртбұрышты берік металл корпустан жасалып, бүйірлерінде желдеткіш тесіктері мен тасымалдауға арналған тұтқалары бар. Алдыңғы жағында сәуле тәрізді бедерлі өрнегі және ыстыққа төзімді дөңгелек тұтқа-түймесі бар ашпалы есік орналасқан. Ішкі бөлігінде түтікше тәрізді электр қыздырғыштар мен алынбалы пісіру табалары қойылған. Экспонат кеңестік тұрмыстық техниканың ерекшеліктерін көрсетіп, тарихи-тұрмыстық және техникалық құндылыққа ие.
Мерзімделу кезеңі:
1973 год
Материал:
Металл
Техника:
Қалыптау, Құрастыру
Өлшемі:
53х32 см.
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар