Монета. 2 тиын. 1800 ж.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Монета. 2 тиын. 1800 ж.
Пішіні шеңбер. Аверсі: І Павелдің вензелі бейнеленген: «П» әрпі мен римдік «I» саны; императорлық тәж. Реверсі: «2» номиналдық саны, «КОПЕЙКИ» жазуы; «1800» соғылған жылы; «Е.М.» (Екатеринбург теңге сарайы) белгісі.
Мерзімделу кезеңі:
1800 ж.
Материал:
Мыс
Техника:
Соғу
Өлшемі:
диаметр 35 мм.
Санат:
Металл, Нумизматика