Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - «Қазақтың Ұлы тұлғасы Мұхамеджан Тынышпаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін» берілетін «Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына - 130 жыл» мерекелік медалі мен оның ресми куәлігі. Экспонаттың негізгі бөлігін құрайтын дөңгелек пішінді алтын түстес медальдың бет жағында (аверсінде) Мұхамеджан Тынышпаевтың портреттік бейнесі, туған және қайтыс болған жылдары («1879-1938») мен «МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШПАЕВ» деген жазу ойылып түсірілген. Медаль көк, ақ және қоңыр-алтын түсті тігінен орналасқан жолақтары бар бесбұрышты таспаға (колодкаға) ілінген. Медальмен бірге ұсынылған №000269 куәлікте марапаттың Азамат Тлеуханұлы Жұмаділовке берілгені көрсетіліп, «Мұхамеджан Тынышпаев атындағы қорының» Президенті К. Мәсімовтің қолымен және көк түсті дөңгелек мөрмен куәландырылған.

Мерзімделу кезеңі: 2009 ж.
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Басу, Құю
Өлшемі: 8 см, дм- 3 см
Санат: Марапат
Scroll to Top