Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Төсбелгі куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Көрнекті жазушы Шәкен Күмісбаевқа «Солақай» балаларға арналған хикаяттар мен әңгімелері үшін» берілген Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының төсбелгісі мен арнайы куәлігінен (куәлік-диплом) тұратын марапаттау кешені. Марапатты Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин 2008 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында табыстаған.
Куәлік ақ түсті тығыз қағаздан жасалған екі бетті бүктеме түрінде орындалған. Ішкі бетінің сол жағында «ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ» және «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Алаш СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ» деген алтын/қоңыр түсті жазулар, ал оң жағында төсбелгінің эскиздік бейнесі, иеленушінің аты-жөні, марапатталған шығармасының атауы, төрағаның қолы және берілген мерзімі жазылған.
Марапаттың төсбелгісі металдан құйылып жасалған, төменгі бөлігі сегіз бұрышты жұлдыз пішінді болып келеді, ортасында шаңырақ пен ұлттық өрнек бейнеленген. Төсбелгі жоғарғы жағындағы көк түсті лентасы бар тікбұрышты тағанға (колодкаға) шығыршық арқылы бекітілген. Жәдігер толық сақталған, тарихи-әдеби құндылығы жоғары.

Мерзімделу кезеңі: 2008 ж.
Материал: Қағаз, Металл
Техника: Басу, Құю
Өлшемі: 27х21 см
Санат: Марапат
Scroll to Top