Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Диплом марапат мүсінімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жазушы Шәкен Күмісбайұлына берілген марапаттау кешені: диплом (плакетка) мен ескерткіш мүсіншеден (стела) тұрады. Жүлде Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Қазақмыс» тобы бірлесіп ұйымдастырған балаларға арналған әдеби шығармалардың «БАЛАУСА» бәйгесінде жүлделі II орын алғаны үшін 2013 жылы Алматы қаласында табысталған.Диплом тікбұрышты ағаш негізге орнатылған металл пластина түрінде жасалған. Металл бетінде ұйымдастырушылардың («Қазақстан Жазушылар Одағы», «KAZAKHMYS») логотиптері, бәйге атауы, Шәкен Күмісбайұлының есімі, ұйым төрағаларының (Эдуард Огай, Ғалым Жайлыбай) қолдары мен ұлттық өрнекті әшекей бейнеленген.
Бұған қоса кешен құрамына мөлдір әйнектен (хрусталь) жасалған дөңгелек пішінді марапат мүсіні кіреді. Мүсінше бетінде «БАЛАУСА 2013» жазуы, қауырсын қалам және шеңбер бойымен жазылған марапаттау сөздері бедерленген.

Мерзімделу кезеңі: 2013 ж
Материал: Ағаш, Металл, Шыны
Техника: Жапсыру, Өңдеу
Өлшемі: Диплом-31х23, мүсінше-дм 8,5, биіктігі-10 см
Санат: Марапат
Scroll to Top