Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Торсық

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жанторсық - қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында сусын сақтауға және алып жүруге арналған тері ыдыстың бір түрі. Торсық теріден өңделіп жасалған. Бұйымның бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын. Аузы ағаш тығынмен жабылады. Тығынды бекітіп, жоғалтып алмау мақсатында қайыстан жасалған ұзын бауы бар.Аталған жанторсық «Көшпенділер» көркем фильміне арнайы жасалып, фильм түсірілімі барысында пайдаланылған. Осыған байланысты бұйым дәстүрлі қазақтың материалдық мәдениетін танытатын этнографиялық мәнімен қатар, киноөнер тарихына қатысты мәдени артефакт ретінде де құнды.Музей қорына қолөнер шебері А.Нұрғалиева өткізді.

Мерзімделу кезеңі: 2005 ж.
Материал: Ағаш, Былғары
Техника: Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі: 21х16см
Санат: Ыдыс-аяқ
Scroll to Top