Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керосин шамы (үш пілтелі)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Үш пілтелі керосин шамы - ХХ ғасырдың ортасында тұрмыста кеңінен қолданылған қыздыру және ас әзірлеуге арналған құрылғы. Ол газ немесе электр желісі жоқ елді мекендерде тамақ пісіруге, су қайнатуға және жылу алуға пайдаланылған. Отын ретінде керосин қолданылып, үш пілтенің көмегімен жалын біркелкі жанып тұрған.
Экспонат шойыннан, болаттан және мыс қорытпаларынан жасалған. Құрылымы төртбұрышты негізден, керосин құятын сыйымдылықтан, пілтені реттеу тетігінен және ыдыс қоюға арналған торлы металл тіреуіштен тұрады. Жоғарғы тор жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Бұл бұйым ХХ ғасырдың орта кезеңіндегі қазақ халқының тұрмыстық мәдениетін және сол дәуірдегі жылу беру мен ас дайындау технологиясын көрсететін құнды этнографиялық жәдігер болып табылады.
Мерзімі: ХХ ғасырдың ортасы (1950-1970 жж.)
Материалы: шойын, болат, мыс қорытпалары
Техникасы: құю, престеу
Өлшемі: биіктігі - 28 см; табанының ені - 19 см; салмағы - 3,46 кг.

Мерзімделу кезеңі: 1950-1970
Материал: Болат, Шойын
Техника: Қалыптау, Құю
Өлшемі: 28 х 19 см
Санат: Ыдыс-аяқ
Scroll to Top