Плащ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгілі гидрогеолог ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Жүрімбек Сыдықовқа тиесілі бұл жәдігер - Италияның «BAGLIONI ITALIA» фабрикасынан шыққан ерлерге арналған классикалық үлгідегі көктемгі-күзгі плащ. Экспонат қанық зәйтүн (оливковый) түсті, беті сәл жылтыр астарлы, су өткізбейтін тығыз матадан тігілген. Тік пішімді, қайырма жағалы және екі жанында қиғаш орналасқан ыңғайлы қалталары бар. Өңірі жасырын түймелікпен жабылатынды. Музей қорына ұрпағы А.Егізова өткізді.
Мерзімделу кезеңі:
1950 ж.
Материал:
Мата
Техника:
Тігу
Өлшемі:
48
Санат:
Киім және кесте