Диірмен тастың бөлігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дірменнің (диірмен тасының) фрагменті. Ортасында тесігі бар, дөңгелек пішінді жалпақ дискінің бөлігі. Тастан жасалған. Беткі қабаты кедір-бұдыр, тегіс емес, түйіршікті құрылымы айқын байқалады. Түсі сұрғылт-бежевый, қоңырқай реңкті. Шеттері тегіс емес, кей жерлері сынған, жекелеген бөліктері сақталмаған. Бұйым астықты ұнтақтап, ұн алу үшін арналған. Астық екі тас дискінің арасында, олардың бірін екіншісіне қатысты қолмен айналдыру арқылы ұнтақталған. Дәстүрлі шаруашылықта дәнді дақылдарды өңдеу үшін пайдаланылған. Сақталған фрагменті диірмен тасының жоғарғы немесе төменгі бөлігіне тиесілі екенін нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.
Мерзімделу кезеңі:
VI-XII ғғ.
Материал:
Тас
Техника:
Өңдеу
Өлшемі:
Диаметрі - 26 см, қалыңдығы - 3 см, тесігінің диаметрі - 3,8 см.
Санат:
Археология