Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Диірмен тасы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Дірмен (диірмен тасы) - ортасында тесігі бар, дөңгелек пішінді жалпақ тас диск. Тастан жасалған. Беткі қабаты кедір-бұдыр, тегіс емес, түйіршікті құрылымы айқын байқалады. Түсі сұрғылт-бежевый, сарғыш-қоңыр реңктері бар. Бұйымның шеттері тегіс емес, кей жерлерінде сынықтар мен үгітілген бөліктері байқалады. Беткі қабатында ұзындығы 5 см болатын жарық бар. Ортасындағы дөңгелек тесік дірменнің осін орнатуға және айналуын қамтамасыз етуге арналған. Бұйым астықты ұнтақтап, ұн алу үшін пайдаланылған. Дәнді дақылдар бір-біріне қатысты айналатын екі тас дискінің арасында үгітіліп, ұнтақталған. Дәстүрлі шаруашылықта астық өңдеу мақсатында қолданылған.

Мерзімделу кезеңі: V-XII ғғ.
Материал: Тас
Техника: Пішіндеу
Өлшемі: Диаметрі - 28,5 см, қалыңдығы - 3 см, тесігінің диаметрі - 3,2 см.
Санат: Археология
Scroll to Top