Шоңқайма етік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шоңқайма етік - әйелдерге арналған. Қоңыр түсті былғарыдан тігілген. Етіктің қонышына қоңыр, жасыл барқыттан қошқар мүйіз оюы бастырылған. Тақасы биік, әрі тайқыланып жасалған. Қонышы тізеден төмен және екі жағы жармаланып тігілген. Табаны қатты ұлтаннан жасалған. Тұмсығы үшкірлеу, өкшесі аласа, ағаштан жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ.
Материал:
Барқыт, Былғары
Техника:
Басқа, Өрмек тоқу
Өлшемі:
12 х 32, 36 өлшем
Санат:
Тұрмыстық бұйымдар