Тұрар Рысқұловтың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Автор: Нурлыбаев Муратбек Атайбекович. 1937-2013
Мемлекет және саяси қайраткер Тұрар Рысқұловтың (1894-1938) портретінде кейіпкер үстел басында, солға қарай үш ширек бұрылыста, жанары тікке бағытталған кейіпте бейнеленген. Кейіпкер үстіне қара костюм, ақ жейде мен қызыл галстук киген, қолында - ашылған газет, ал үстел үстінде сия сауыты орныққан. Кітап шкафы бейнеленген фон композицияға зияткерлік еңбек тақырыбын енгізеді. Кескіндемелік шешім реалистік сипатта: жүзі мен қолдары мұқият өңделіп, фон мен киім жалпылама берілген. Колорит газеттің ақ дағымен ашыла түсетін терең қоңыр-көк реңдердің үйлесіміне құрылған.
Мерзімделу кезеңі:
1980 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
114х150 см
Санат:
Бейнелеу өнері