Ақсүйек (Дәстүрлі қазақ ойыны)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Нуржумаев Оралбек. 1938-1996
Қазақтың дәстүрлі «Ақ сүйек» ұлттық ойын сәті бейнеленген жанрлық композицияның орталығында төбелі дала мен жарты ай туған қараңғы түнгі аспан аясында жартылай шеңбер құрған бойжеткендер мен бозбалалар сүйектің лақтырылуын тосып, қолдарын жоғары көтерген. Сол жақтағы жерде ақ көйлекті қыз бен домбыра ұстаған жігіт жайғасқан. Фриз тәрізді құрылым мен тұлғалардың ортақ қозғалыс ырғағы түнгі жастар мерекесінің көңіл-күйін, уайымсыздық пен жастық құштарлық сезімін жеткізеді. Пішіндері ұсақ өңдеусіз, жалпыланып берілген. Колорит аспанның қою көк-күлгін және жердің жосалы-қоңыр реңдерінің үйлесіміне құрылып, олардың арасында киімнің ашық әрі қызыл дақтары ерекшеленеді.
Мерзімделу кезеңі:
1979 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
110х130 см
Санат:
Бейнелеу өнері