Рейхстагты шабуылдауға қатысушы Р. Қошқарбаевтың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Накисбеков Анарбек Жуматаевич. 1951
Ауыл пейзажы аясында, сұр костюм киген, кеудесіне орден таққан, орындықта үш ширек бұрылыста солға қарап отырған ер адам және оның жанында құшағына әтеш қысқан, жеңсіз камзол киген қыз бала бейнеленген портреттік үлгідегі жанрлық композиция. Түпкірде ауыл құрылыстары, адамдардың нобайлары мен ағаштар көрінеді. Пішіндері жалпыланып берілген, кеңістігі шартты түрде шешілген, ал пландары терең перспективасыз қатар орналасқан. Колорит ашық жосалы-сұр реңктерге құрылып, олардың арасынан галстук, орден және әтеш қауырсындарының айқын қызыл екпіндері дараланады.
Мерзімделу кезеңі:
1978 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
100х81 см
Санат:
Бейнелеу өнері