Испан әйелдері
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульбарам Аубакировна. 1943
Жанрлық композицияның ортасында екі әйел бейнесі орналасқан: сол жақтағысы - үлкен желпуіш ұстаған, ал оң жақтағысы - иығына ірі қызыл раушангүлді орамал жамылған. Желпуіш, мантилья мен раушангүлдер сияқты детальдар арқылы туындыдан испан сарыны айқын аңғарылады. Динамикаға толы композиция қиғаш сызықтардың қиылысуы мен иілген ырғақтарға құрылған; кеңістігі шартты түрде берілгендіктен тереңдік аса сезілмейді. Мәнері экспрессионистік сипатта, пішінді кубистік деформациялау элементтері кездеседі: сұлбасы жалпылама алынған, көлемдері қырланып бөлінген, қарқынды әрі қалың жазылған бояу қабатында фактуралы жағылым айқын көрінеді. Қанық әрі жылы колориті терең қызыл-қоңыр және жосалы реңктерге құрылып, ашық қызыл түстің жарқылымен және салқын көк пен жасыл түсті екпіндермен байытылған.