Өнер. «Менің әлемім» топтамасынан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Бейсембинова Елена Сергеевна. 1941
Кітап шкафының аясында өнер және тұрмыс заттары бейнеленген натюрморт: гүл салынған сәндік құмыралар, құс тұлыбы, жанған шырақ, әшекейлер мен әйел адамның портреті көркемөнер әлемінің әсерін келтіреді. Кескіндеу мәнері заттардың белгі-қасиеттерінің тыңғылықты өңделуімен, олардың фактурасына мұқияттылығымен және жарық-көлеңкелердің шебер сомдалуымен ерекше. Бұл туындының терең әрі символикалық астарын күшейте түседі. Оң жақ төменде - автордың қолы және жасалған уақыты.
Мерзімі: 1985 ж.
Өлшемі: 114×89 см
3539-ж
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Сақталу жағдайы
Көзге көрінетін зақым жоқ.