Қос білезік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Халық шебері
Қос білезік - XIX ғасырдағы Батыс Қазақстан зергерлік өнерінің үлгісі. Бұл өңірге тән зергерлік бұйымдардағы кесек пішін, қатаң симметрия және геометриялық өрнек мұнда айқын көрініс тапқан. Білезіктері көлемді, білекті тұтас дерлік жауып тұратындай етіп кең жасалған, жиектері иректеле ойылған. Әр білезіктің беткі жағына қызыл реңкті қызыл-түсті шыны қондырылған алты тұйық жиектеме орнатылған. Өрнек өрісі қалыптау мен шекіме әдісімен өңделіп, негізгі элементтері ішінара алтындау арқылы айшықталған. Қазақ дәстүрінде «көз» деп аталатын түрлі-түсті қондырмаларға апотропейлік (тұмарлық) мән берілген, ал бұйымның ауқымды пішіні иесінің мәртебесі мен қадір-қасиетін танытатын белгі ретінде қабылданған.
Мерзімделу кезеңі:
ХIХ ғ.
Материал:
Күміс, Шыны
Техника:
Алтын жалату, Зерлеу, сіркелеу, Инкрустация, Қалыптау
Өлшемі:
5,6×7,3 см
Санат:
Зергерлік өнер