Ялта. Бұлтты күн
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Брюммер Леонид Владимирович. 1889-1971
Тасты жағалауы мен жағалау бойындағы құрылыстар бейнеленген пейзажды композиция. Ирелеңдей созылған жағалау сызығы, алдыңғы пландағы ірі тастар мен ағаш діңдерінің тік бағыттары композицияның ырғақтық құрылымын қалыптастырып, кеңістік тереңдігін айқындай түседі. Ашық су айдыны мен көкжиек тұсындағы сәулеттік нобайлар жағалаудағы тыныш әрі үйлесімді табиғи ортаның әсерін береді. Кескіндемелік мәнері этюдтік сипатта орындалған, жеңіл әрі еркін қылқалам іздері арқылы жарық пен ауа кеңістігінің құбылмалы күйі нәзік жеткізілген. Төменгі сол жақ бұрышында автордың қолы, ал төменгі оң жақ бұрышында туындының салынған жылы көрсетілген.
Мерзімі: 1924 ж.
Өлшемі: 23×32 см
2357-ж
Сақталу жағдайы
Бұрыштарында - жапсырма шеге іздері.