Басқұр түкті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақстан. Киіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Иірілген жүн жіптен аралас тоқу тәсілімен тоқылған басқұр. Жолақ беттерінде түрлі-түсті (ақ, қара, қызыл, жасыл, көк, сары) жүн жіптерден түкті етіп, ішінде «сыңармүйіз», «өрмекші», «қабырға», «ирексу», «балықкөз», шаршы өрнектері терілген. Жиегіне «қазмойын» өрнегінен су жүргізілген. Өрілген шашағы бар.
Мерзімделу кезеңі:
середина ХХ в.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
31х130 см
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары