Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Экскурсиялық жолдама

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экскурсиялық жолдама. Жарықбасов Қиікбайға 1975 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Мәскеу қаласындағы БХШЖК-ға бес күндік экскурсияға берілген жолдама. Жарықбасов Қ. - Маңғышлақ облысы Бейнеу ауданының «Қарақұм» совхозының аға шопаны. Жолдаманың алдыңғы бетінде ХХХ саны, Рейхстагқа ту тігудің бейнесі, БХШЖК эмблемасы және төменгі жағында «Экскурсионная путевка 1975г» деген жазу бейнеленген. Жолдаманың ішкі бетінде құжат мәтіні типографиялық әдіспен басылған, жолдама иесінің аты-жөні машинкамен терілген. Жолдама іссапарға жіберуші ұйым басшысының қолымен расталып, дөңгелек мөрмен куәландырылған.
Мерзімі: 1975 ж.
Материал: қағаз
Техника: полиграфия
Өлшемі: ені:14,5 см, ұзындығы: 10 см.

Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Тақырып: Баспа басылымдар

Сақталу жағдайы

Жыртылған жерлері бар

Scroll to Top