Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің отыз жылдығы» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Л.Е. Седельниковтың «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің отыз жылдығы» медалі. Медаль дөңгелек пішінді, медальдің бет жағында от шашу мерекелік оттары аясында Е.В. Вучетичтің «Родина-Мать» мүсінінің бедерлі бейнесі орналасқан. Мүсіннің сол жағында төмен түсетін лавр бұтағында бесбұрышты жұлдыз және «1945-1975» күні бейнеленген. Медальдің артқы бетінің жоғарғы бөлігінде шеңбер бойымен «Участнику войны», ортасында «ХХХ лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», төменгі бөлігінде таспада орақ пен балға бедерлі бейнесі бар. Медальдің шеттері ернеумен көмкерілген. Медаль құлақша мен сақина арқылы қара және қызғылт сары, қызыл, жасыл түсті ұзына бойы кезектесетін жолақтары бар жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Таспа шеттері тар қызғылт сары жолақтармен жиектелген. Тағанның артқы бетінде түйреуіш тәрізді ілгек орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 1975 г.
Материал: Жібек муар лентасы, Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: D - 3,6 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top