Құрмет грамотасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Грамота Кудеев И.И.-ге жанқиярлық еңбегі мен социалистік міндеттемелерді адал орындағаны үшін табысталған. Грамота А3 форматындағы парақты екіге бүктеу арқылы жасалған. Сол жақ бетінде В.И. Лениннің бейнесі және «Біз коммунистік еңбек жеңісіне жетеміз» деген жазу бейнеленген. Оң жақ бетінде мәтін, Лепсі сүт-ет совхозының мөрі, сондай-ақ хатшылардың, кәсіподақ комитеті төрағасының және совхоз директорының қолтаңбалары қойылған.
Мерзімі: 1985 ж.
Материалы: қағаз.
Техникасы: типографиялық баспа.
Өлшемі: 28 х 20 см.
Материал:
Қағаз
Техника:
Аралас техника
Өлшемі:
28 х 20 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)