Тиын (Қарахан дәуірі)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Йусуф б. Сүлейман («Тоғрыл Қара-хақан») монетасы. Болжам бойынша, Тараз сарайында соғылған. Хижраның 470-жылдары (б.з. 1070-1080 жж.).
Монета дөңгелек пішінді, соғу әдісімен жасалған. Беткі қабаты қара түсті патинамен жабылған, кей жерлерінде қызғылт түсті тотығу іздері байқалады. Шеттері тегіс емес, аздаған зақымданулар мен үгітілген бөліктері бар. Монетаның екі бетінде де куфи жазуымен орындалған бедерлі жазулар сақталған. Аверсі мен реверсінде исламдық сенім формуласы (кәлима) және билеушінің лауазымы жазылған. Жиегі бойымен соғылған қаласы мен жылы көрсетілген. Жазулардың кейбір бөліктері өшкен, сондықтан олардың оқылуы ішінара қиындаған.
Мерзімделу кезеңі:
X-XII ғғ.
Материал:
Мыс
Техника:
Соғу
Өлшемі:
d - 25 мм.
Санат:
Нумизматика