І дәрежелі Отан соғысы ордені
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұлы Отан соғысының ардагері Иманғали Жұбановқа берілген «І дәрежелі Отан соғысы» ордені, №488409.
Орденнің ұштары қызыл жұлдыздың ұштары арасында орналасқан бесбұрышты жылтыратылған жұлдыз түрінде алшақ жатқан сәулелер аясында лағыл-қызыл эмалмен қапталған дөңес бесбұрышты жұлдыздың бейнесі. Қызыл жұлдыздың ортасында «ОТАН СОҒЫСЫ» деген жазу жазылған ақ эмалды белдікпен жиектеліп, лағыл-қызыл түсті дөңгелек табақшадағы орақ пен балғаның бейнесі бейнеленген, белдіктің төменгі жағында жұлдызша бар. Жұлдыз сәулелерінің аясында айқастырылған Мосин мылтығы мен қылыш бейнеленген. Мылтық ұңғысы төмен оңға, қылыштың сабы төмен солға қараған. Орденнің артқы бетінде «Монетный двор» жазуы және «488409» жеке сериялық нөмері ойылып жазылған.