«Георгий Жуков» медальі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ұлы Отан соғысының ардагері Иманғали Жұбановқа берілген «Георгий Жуков» медалі.
Медальдің алдыңғы бетінде Кеңес Одағының Маршалы Георгий Константинович Жуковтың кеудеге дейінгі бедерлі бейнесі орналасқан. Жоғарғы бөлігінде бедерлі «ГЕОРГИЙ ЖУКОВ» деген жазу, төменгі бөлігінде лавр және емен бұтақтарының бедерлі бейнесі бейнеленген.
Медальдің артқы бетінің ортасында бедерлі «1896-1996» сандары орналасқан. Төменгі бөлігінде лавр және емен бұтақтарының бедерлі бейнесі берілген. Медальдің жиегі шығыңқы жиекпен көмкерілген.
Медаль құлақша мен сақина арқылы жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты тағанға бекітілген. Лентаның сол жақ жартысы қызыл түсті. Оң жақ жартысында ені бірдей бес бойлық жолақ орналасқан: үш қара және екі қызғылт сары жолақ кезектесіп орналасқан. Лентаның екі шетінде ені 1 мм болатын бір-бірден жіңішке қызғылт сары жолақ бар.