Тиын (Түргеш қағанаты)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Түргеш қағанатының тиыны. Жазулары мен бейнелері анық ажыратылмайды. Тиынның сақталу жағдайы қанағаттанарлықсыз. Алдыңғы бетінде (аверсінде) жазу өшкен және оқылмайды. Артқы бетінде (реверсінде) түргештердің таңбасының қалдықтары байқалады, алайда олар фрагментті түрде сақталған. Тиынның беткі қабаты патинамен жабылған. Шеттері тегіс емес, беткі қабатында жарық бар. Тозу және механикалық зақымдану іздері байқалады.
Мерзімделу кезеңі:
VIII ғ.
Материал:
Мыс
Техника:
Құю
Өлшемі:
Диаметрі - 15 мм, тесігінің диаметрі - 6 мм.
Санат:
Нумизматика