Көкқарға тұлыбы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Көк қарғалардың тұлыбы - жабайы құстардың сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған жұп таксидермиялық бұйым. Экспонатта екі құс ағаш бұтағына қонып отырған табиғи қалыпта бейнеленген. Бір құстың басы төмен қарай сәл иіліп, екіншісі қарсы бағытқа бұрылып отырғандықтан, олардың өзара табиғи әрекеттесу көрінісі берілген.
Құстардың дене тұрқы орташа, денесі жинақы, қауырсын жамылғысы негізінен қара және қою қоңыр реңкті.Қанаттары денесіне жинақы орналасып, ұзын жабын қауырсындары айқын көрінеді. Құйрықтары орташа ұзындықта, төмен қарай бағытталған. Аяқтары жіңішке, ұзын саусақты, өткір тырнақты болып келеді және ағаш бұтағын берік қысып тұрған қалыпта бейнеленген. Тұлыптар табиғи мекен ету ортасын шартты түрде бейнелейтін ағаш бұтақ тәрізді тұғырға орналастырылған. Композиция құстардың табиғи қону қалпын көрсетіп, олардың сыртқы құрылысын, дене бітімін және қауырсын жамылғысының ерекшеліктерін көрнекі түрде таныстыруға арналған.