Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қасқалдақ тұлыбы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қасқалдақ құсының тұлыбы - құстың сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Тұлып қасқалдақтың табиғи қалпын бейнелейді. Дене тұрқы жинақы, басы алға бағытталған, мойны сәл созылыңқы. Қауырсын жамылғысы негізінен қара түсті, арқасы мен қанаттарында қоңыр-сұр реңктер байқалады. Басы мен мойны қара түсті. Тұмсығының ұшы сарғыш, түпкі бөлігі қызыл түсті, маңдайында ақшыл маңдай қалқаны орналасқан. Аяқтары ұзын, сарғыш-жасыл түсті.
Тұлып табиғи ортаны бейнелейтін композициялық тұғырға орналастырылған. Тұғырдың бетінде жасанды жасыл жапырақтар мен су өсімдіктерін бейнелейтін элементтер орналасқан. Композиция қасқалдақтың сулы-батпақты ортадағы тіршілік ерекшелігін көрсету мақсатында жасалған.

Мерзімделу кезеңі: 2011 ж
Материал: Ағаш, Қауырсындар, Шыны
Техника: Таксиме
Өлшемі: 35 см
Scroll to Top