Сасықкүзен тұлыбы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сасықкүзеннің тұлыбы - сасықкүзеннің сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Сасықкүзен - жыртқыш сүтқоректі, күзендер тұқымдасына жататын аң.
Экспонат аңның дене бітімін толық бейнелейді. Дене тұрқы ұзынша әрі созылыңқы, басы шағын, мойны қысқа. Тұмсығы сүйір, құлақтары кішкентай, көздері қара түсті. Аяқтары қысқа, табандары жақсы жетілген. Құйрығы ұзын, ұшы қаралау түсті.
Түсі ашық қоңыр реңкті. Тұлып табиғи қозғалыс қалпында, төрт аяғымен тірекке орналасқан күйде бейнеленген. Экспонат табиғи ортаға тән көріністі беретін тұғырға орналастырылған.
Мерзімделу кезеңі:
2011 ж
Материал:
Ағаш, Жүн, Шыны
Техника:
Таксиме
Өлшемі:
40 см.