Бөстек
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бөстек - қазақтың дәстүрлі тұрмысында қолданылған сәндік әрі тұрмыстық төсеніш бұйым. Экспонат төртбұрышты пішінде жасалған. Негізгі беті қара түсті матамен қапталған, ішкі қабатына таза табиғи жүн салынған.
Бұйымның беткі бөлігінде ашық қызғылт, қызыл, сары және көк түсті жіптермен кестеленген ұлттық ою-өрнектер орналасқан. Орталық бөлігінде төрт жапырақты гүл тәрізді өрнек бейнеленіп, оны айнала ирек және иірім тәрізді өсімдік сипатындағы өрнектерден құралған композиция берілген. Өрнектер симметриялы орналастырылып, бұйымның сәндік көркемдігін айқындай түседі. Төрт бұрышында қызғылт түсті шағын өсімдік тәрізді өрнектер орналасқан.
Бөстектің жиектері түрлі түсті сәндік таспамен көмкеріліп, сыртқы жиегіне қызғылт-қызыл түсті бүрмелі жиек жүргізілген.