Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шежіре ағашы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Айыпқалиев Кенес Тұңғышбайұлы. 1964 ж.т.
Композициясы тік форматты, көпэлементті, фронтальды. Туынды төртбұрышты ағаш жақтау ішінде құрылған. Негізгі композициялық орталықты төменгі бөліктен жоғары қарай, бірнеше тармаққа бөлінген ағаш бейнесі құрайды. Ағаштың діңі мен бұтақтары өрілген табиғи материалдан орындалған. Бұтақтар бойына дөңгелек таңбалар мен әртүрлі сәндік бөлшектер орналастырылған. Орталық бөлігінде ірі ашық түсті сүйек, оның айналасында бірнеше ұсақ сүйектер орналасқан. Төменгі бөліктің екі жағында қара түспен орындалған салт атты адамдардың шартты бейнелері және әртүрлі таңбалар берілген. Туынды ұлттық-дәстүрлі, сәндік-символикалық стильде орындалған. Фоны ашық сарғыш-ақ түсті, фактуралы. Колориті табиғи, жылы және ұстамды, онда ақшыл-сарғыш, қоңыр, қою қоңыр және қара түстер басым.

Мерзімделу кезеңі: 2011 г.
Материал: Ағаш, Былғары, мельхиор, Сүйек
Техника: Өңдеу, Өру
Өлшемі: 120 х 110 см.
Санат: Сәндік-қолданбалы өнер
Scroll to Top