Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Фотожинақ «Большевик» кеңшарының қызметкерлері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Фотожинақ, Шымкент облысындағы Киров ауданының Еңбек Қызыл Ту орденді «Большевик» кеңшарының қызметкерлерінің фотосуреттері. Қызыл түсті қатты мұқабамен қапталған. Мұқабаның жоғарғы бөлігінде алтын түспен В.И. Лениннің бейнесі салынған. Орталық бөлігінде орыс тілінде: «Ордена Трудового Красного Знамени совхоз „Большевик“ Кировского района Чимкентской области Казахской ССР. 1989 год» деген жазу орналасқан. Мұқабаның сол жақ шетінде ұлттық өрнек стиліндегі алтын түсті сәндік жолақ бейнеленген. Суреттер ақ-қара түсті, бес беттен тұрады.

Мерзімделу кезеңі: 1989 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 40,5х31 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер), Фотосуреттер
Scroll to Top